Алматыда полицияның жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылып, жарылыс болды, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға барысында бөлімше қызметкерлеріне жедел медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккендердің жағдайы бақылауда.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталды. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция департаменті әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр жағдайда екені туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Ведомство тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.