Алматыда мейрамханадағы жанжал: шетелдік әйелді балағаттап, 5 тәулікке қамалды

Алматыда мейрамханадағы жанжал: шетелдік әйелді балағаттап, 5 тәулікке қамалды
24.kz

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде демалушылардың мазасын алған шетелдік азаматтың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға кезінде түсірілген бейнежазбада ер адамның көрші үстелде отырған әйелге балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет жасағаны көрінеді. Бейнежазба желіге тарағаннан кейін полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізді.

Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған. Ол Қазақстан азаматы емес, Канада азаматы болып шыққан.

Полиция оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Сот шешімімен Канада азаматы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ведомство Қазақстан аумағында жүрген кез келген адам, азаматтығына қарамастан, ел заңдарын сақтауға және айналасындағылардың құқықтары мен ар-намысына құрметпен қарауға міндетті екенін еске салды.