Алматыда коронавирус анықталған үйлердің мекенжайлары жарияланды

Алматыда коронавирус анықталған үйлердің мекенжайлары жарияланды

Алматыда коронавирус анықталған тұрғын үйлердің мекенжайлары жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалада инфекция тіркелген 10 ошақ анықталды. Бүгінде 2 жекеменшік үй мен 8 көпқабатты үй оқшауланды. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, келесі мекенжайлар карантинге жабылды: 

Алтай шағынауданы - 1, 8;

Жасқанат шағынауданы, 86;

Еңлікгүл, 34 А;

Зенков, 59;

Достық, 162;

Гоголь, 75

Сарыой, 234;

Жароков, 16;

Желтоқсан, 125;

Байтұрсынов, 78/1 

«Барлық ошақтарда эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Медицина мамандары барлық тұрғындардың денсаулығын бақылауда ұстап отыр. Бұл территорияларда дүкендер мен дәріханалардың тоқтаусыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.