Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды


Алматыда Nissan Cefiro көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабрлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы 22 қарашада шамамен сағат 00:45-те Кенесары хан көшесінде болған.

«Nissan Cefiro» маркалы автокөлігінің 1991 жылы туған М. есімді жүргізуші Кенесары хан көшесімен келе жатып, №52 ғимаратқа қарама-қарсы тұста көлігін басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан. 

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.