Талдықорғанда TikTok-та тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтқан 27 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқық бұзушылықты анықтаған. Эфирге қатысқан әйелдің жеке басы анықталып, жиналған материалдар сотқа жолданған.
Істі қарау нәтижесінде әйелге айыппұл салынды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желідегі әрекеттер де жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертіп, қолданушыларды әдеп сақтауға және жариялайтын контентіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.