Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Байқау бағдарламасы аясында қатысушылар Гран-при, сондай-ақ үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдені сарапқа салады. Халықаралық қазылар алқасы артистердің кәсіби шеберлігін, қойылымдардың ерекшелігі мен орындау деңгейін бағалайды.
Салтанатты рәсім барысында алғаш рет осы фестивальге арнайы жазылған ресми әнұран шырқалды. Ресми бөлімнен кейін манежде әртүрлі елдердің артистері қатысқан байқау бағдарламасы басталды.
1-23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен арнайы цирк бағдарламасы өтеді.