Алматыда бес күн бойы жарық өшеді: қай аудандар қамтылатыны белгілі

Алматыда бес күн бойы жарық өшеді: қай аудандар қамтылатыны белгілі
Ашық дереккөзден

Алматыда 17-21 тамыз аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар ауданында жарық уақытша өшіріледі, деп хабарлады «Алатау Жарық» компаниясы, деп хабарлайды ult.kz.

Электр энергиясы негізінен 09:00-ден 17:00-ге дейін ажыратылады. Компания жөндеу жұмыстарының уақыты жоспардан тыс жұмыстарға байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

17 тамызда жарық РЭС-1 бойынша Түркістан, Айгерім-1, Шаңырақ-2 шағынаудандары мен Сығанақ, Жанкожа батыр көшелерінде өшіріледі. РЭС-2 аумағында Сәтбаев, Мынбаев, Жароков, Райымбек, Розыбакиев, Қарасай батыр, Абылай хан және басқа көшелер қамтылады. РЭС-3 бойынша Қарағайлы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, РЭС-4 бойынша Баймағамбетов, Черниговская, Айтықов және басқа көшелерде электр беру тоқтатылады. Сондай-ақ РЭС-5 пен РЭС-6 аумағындағы бірқатар учаске, Рахат, Бостандық, Достық, Луганский, Құрманғазы, Шевченко көшелері, Самал-1, Самал-2 және Көк-Төбе аумақтары қамтылады. РЭС-7 бойынша Ақбұлақ пен Таугүл шағынаудандарында жарық болмайды.

18 тамызда Айгерім-1, Тастыбұлақ, Ақжар, Самал-2, Каменское плато және қала орталығындағы Абай, Құрманғазы, Розыбакиев, Айманов, Шевченко, Гагарин көшелерінің бір бөлігінде электр энергиясы уақытша ажыратылады.

19 тамызда Айгерім-1, Түркістан, Шаңырақ-1, Қарағайлы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таусамалы, Рахат және Ожет шағынаудандары, сондай-ақ қаланың орталығындағы бірқатар көше қамтылады.

20 тамызда Айгерім-2, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Қалқаман-2, Ожет, Архат, Арасан, Хан Тәңірі, Самал-1, Самал-2 және Көк-Төбе аумақтарында жарық өшеді.

21 тамызда Айгерім, Байбесік, Алғабас, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Ожет, Самал-1, Самал-2 және Каменское плато, сондай-ақ Достық, Навои, Зенков, Қалдаяқов және басқа көшелерде электр энергиясы уақытша берілмейді.

Қала тұрғындары нақты қай үйдің жарығы өшетінін «Алатау Жарық» компаниясының жоспарлы жөндеу жұмыстары жарияланған тізімінен тексере алады.

Компания жөндеу жұмыстарының кестесі жоспардан тыс жұмыстарға байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.