Алматыда балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылады

Алматыда балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте балаларға арналған әлеуметтік клубтар ашылатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Аға буынның белсенді өкілдері — бұрынғы оқытушылар, музыканттар, әртістер тәрбие жұмысына атсалысуда. Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына «Айнабұлақ – 2» ықшамауданындағы «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында сабақ өткізеді»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады. Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады. Сондай-ақ, мұнда емдік дене шынықтыру және өзіндік дайындық сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған. 

«Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз»,– деп атап өтті әкім.