Алматыда 138 сауда нысаны ашылады

Алматыда 138 сауда нысаны ашылады

Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеу алынады, деп хабалайды "Ұлт ақпарат".

«Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.