Қаржы нарығын реттеуші коллекторлар мен ломбардтардың жұмысын тексереді

Қаржы нарығын реттеуші коллекторлар мен ломбардтардың жұмысын тексереді
ашық дереккөзден

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктер мен ломбардтардың қызметін тексеретін болады, деп хабарлайды ult.kz.

Агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, азаматтарға қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алатын кейбір коллекторлық агенттіктердің нарықтағы қызметі тоқтатылуы мүмкін.

Сонымен қатар, реттеуші ломбардтардың жұмысын да зерделеп жатыр. Бұған аталған ұйымдардың қызметіне жүгінетін клиенттер санының артуы себеп болған.

Қазіргі уақытта агенттік ломбардтардың қызметіне талдау жүргізуде. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданады.