Freedom Inside '26

14 жасында жүкті болған қыз босанды: күдіктілер әлі бостандықта

14 жасында жүкті болған қыз босанды: күдіктілер әлі бостандықта
ЖИ

Жамбыл облысында өткен жылы жүкті болған жасөспірім қыз сәби дүниеге әкелді. Қазір ана мен баланың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды ult.kz.

31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасының мәліметінше, қыз бала аудандық ауруханадан Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, кесарь тілігі арқылы босанған. Медициналық көмектен кейін ана мен нәресте тұрғылықты жері бойынша бақылауға алынған.

Ал жәбірленушінің жақындары іс бойынша күдіктілердің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанына алаңдаулы. Олардың айтуынша, тергеу бір жылға жуық уақытқа созылып, іс сотқа жетпеген.

Жамбыл облысы полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс аясында қажетті процессуалдық және тергеу әрекеттері жүргізіліп, дәлелдемелер жиналуда.

Полиция өкілдері баланың дүниеге келуін күту ДНҚ сараптамасын жүргізу қажеттілігімен байланысты болғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Жәбірленуші тарап тергеу нәтижесінде іске қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға беріледі деп үміттенеді.