Алматы Американың Eater басылымы жасаған «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді. Қала жыл сайын жарияланатын, гастрономиялық саяхат әуесқойларына ұсынылатын бағыттар рейтингіне енгізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Басылым Алматыны Орталық Азиядағы басты гастрономиялық орталықтардың бірі деп атап, қазақтың ұлттық тағамдары мен әлемдік асхананың ерекше үйлесімін жоғары бағалаған.
Сондай-ақ Алматыда өткен алғашқы Almaty Food Fest гастрономиялық фестивалі, шаһардың алғашқы гастрономиялық гидінің жарық көруі және Алматының ерекше шай ішу мәдениеті де аталған.