Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған

Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған


Алматы облысында педагогтар вакцина салдырудан көш бастап тұр. Бүгінгі күні екпенің І компонентін 33 мыңнан аса адам салдырған. Ал жалпы өңірде ұстаздардың саны 40 мыңнан асады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір өңірде 185 760 адам екпе салдырған. 

«І компонентнпен 185 760 адам егілді. Оның ішінде 21 093 медицина қызметкері, педагогтар – 33 128, учаскелік полиция қызметкерлері – 1556, студенттер – 2089, медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері – 909, күш құрылымдарының қызметкерлері – 14 703, мемлекеттік қызметкерлер – 5478, созылмалы аурулары бар адамдар – 5243, басқа тұрғындар – 101 561.

ІІ компонентпен 73 751 тұрғын вакцинацияланды. Оның ішінде 15 276 медицина қызметкері, 18 728 – педагог, 870 учаскелік полиция қызметкері, 738 – студенттер, 365 – медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері, 4451 – күш құрылымдарының қызметкері, 2127 – Мемлекеттік қызметкерлер, созылмалы аурулары бар – 1365 адам және 29 831 – басқа тұлғалар. Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ»,- делінген ведомствоның хабарламасында.