Алматы облысында 25 тұрғын күдікке ілінді: үйлерінен діни әдебиеттер табылды

Алматы облысында 25 тұрғын күдікке ілінді: үйлерінен діни әдебиеттер табылды
Видеодан скриншот

Алматы облысының Шелек ауылында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысы бар деген 25 тұрғын анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы облыстық Дін істер басқармасының мәліметінше, күдіктілердің үйлерінде тінту жүргізілген. Нәтижесінде 11 смартфон, 93 кітап, 16 брошюра, екі дәптер және діни мазмұндағы жазбалары бар блокнот тәркіленді.

Қазір алынған материалдарға сараптама жүргізіліп, әр адамның ұйым қызметіне қатысы мен оның деңгейі анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.