Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы облысында 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Алматы облысында 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Алматы облысында 2001 жылы туған Виктория Зачепилова есімді бойжеткен үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

В.Зачепилова — Талғар ауданына қарасты Шымбұлақ ауылының тұрғыны. Ол осы мекенжайдағы үйінен 3 желтоқсан күні түнде шығып, оралмаған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Виктория жайлы қандай да мәлімет білетіндер 8 (7272) 95-61-05 немесе 8 778 900 0255, 8 778 127 9141, 102 номерлеріне хабарласуды сұрайды.

Алматы қаласындағы ЖОО-ның бірінде оқитын студент қоңыр түсті пальто, қара түсті шалбар және қоңыр түсті аяқ киім киген