Алматы мешітінде орыс азаматы ислам дінін қабылдады (Видео)

Алматы мешітінде орыс азаматы ислам дінін қабылдады (Видео)

Алматыдағы «Байкен» мешітінде тілін кәлимаға келтірген орыс жігіт жұртты таң қалдырды. Оның исламды қабылдаған видеосы Instagram-парақшасындағы Жаннат гүлдері тобында жарияланды, деп жазады sn.kz.

Видеода мешіт имамы жігітке: «Лә иләһә иль Аллаһ. Мухаммаду Расул Аллаһ (Алладан басқа тәңір жоқ. Мұхаммед оның елшісі)» деп калиманы ізінше қайталатады.

Жиналған жұрт оның ислам дінін қабылдағанына қуанып, қошемет көрсетеді.