Алматыдағы ірі кәсіпорындар – Nero 1, Nero 2 және Eltex қызметкерлері 23 тамызда өтетін Құрылтай мүшелерін сайлауға қолдау білдірді. Қаланың өндірістік алаңдарында өткен кездесу барысында еңбек ұжымының өкілдері дауыс беруге қатысуға ниетті екенін айтып, белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті.
Әртүрлі мамандық иелері мен түрлі буын өкілдері – инженерлер, жұмысшылар, технологтар, мамандар мен еңбек ұжымының өкілдері – елдің қоғамдық-саяси өміріне жауапкершілікпен қатысу идеясын қолдап, ортақ мақсат төңірегіне топтасты. Олардың айтуынша, Құрылтай мүшелерін сайлау – осы қоғамдық институттың өкілдік құрамын қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Өндіріс саласының қызметкерлері әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін, ал сайлауға қатысу қоғамның дамуы мен азаматтық бірлікті нығайтуға қосылатын нақты үлес екенін атап өтті.
Еңбек ұжымдары алматылықтарды қалмай, 23 тамыз күні сайлау учаскелеріне келіп, саналы таңдау жасауға шақырды.