Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

— 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, бұған дейін төрт облыста көлік қозғалысы қайта жанданатынын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жазған едік.