Алматы әкімдігі жылу желісінің жарылу себебін түсіндірді

Алматы әкімдігі жылу желісінің жарылу себебін түсіндірді

Алматы әкімдігі жылу желісінде болған апаттың себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда 12:05-те ЖЭО-2 стансасынан ыстық су сағатына 3800 тоннадан 4200-ге артқан кезде құбыр жарылып кеткен. 12:27-де қалалық ТЖД Бөкейханов Райымбек көшелерінің қиылысында батысқа қарай тұста құбыр жарылғаны туралы хабарлама түсті.

Апатты жағдайды ауыздықтау үшін «АлТС» апатты қызметінің қызметкерлері, 18 адам мен 9 техника жұмылдырылған.

«Жарылған құбырды жөндеуге 9 бригада тартылды. Диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры өте ескірген. 1971 жылы пайдалануға берілген. Қазір құбырдың тесілген сегменті ауыстырылып жатыр», - деді әкімдіктен.

Ал аталған аймақтағы тұтынушыларға ыстық су бірнеше сағатта беріледі.