Алла Пугачева эмиграция туралы қауесетке жауап берді

Алла Пугачева эмиграция туралы қауесетке жауап берді


Әнші Алла Пугачева өзінің Instagram парақшасында діни қызметкер Андрей Ткачевтің "Ресейден мәңгі кетті" деген сөзіне қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ерте қуанып қойдыңыз, Андрюша. Демалыс, еңбек демалысы және емделу эмиграция ретінде саналмайды. Қайтып келейін, шешеміз. Шіркеуге барып, сен үшін дұға етемін", - деді Пугачева.

Сонымен қатар, жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар жасалған еді. Ондағы мәліметтерге сай, әртіс балаларымен бірге Израильге кетуі мүмкін. Өйткені, қауесетке қарағанда, онда жылжымайтын мүлкі бар.