Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды

Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды

Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында вице-чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келі салмақ дәрежесінде ол финалда ирандық Али Халил Шабанибенгармен кездесті. Екеуара кездесу 12:2 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді. Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Такаши Ишигуро мен үндістандық Сатуарт Кадиан қола жүлдені өзара бөлісті.