Президент Әлібек Қуантыровты Экология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды ult.kz. Ол бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Ол бұл қызметте Ерлан Нысанбаевтың орнын басты.