Алексей Цой «QazVac» вакцинасының екінші дозасын салдырды

Алексей Цой «QazVac» вакцинасының екінші дозасын салдырды


ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасы секілді қазір де көңіл-күйім жақсы. Ешқандай реакция жоқ. 

Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!», - деп жазды министр.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.

2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина алған.