Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17, 18 және 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклон ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронталь бөліктер әсерінен қар жауады. Термометр бағандары: солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжанған", - делінген хабарламада.