Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақылы жолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады?

Ақылы жолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады?


«ҚазАвтоЖол» компаниясы ақылы төлдарға қалай төлем жасауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылдың 23-қарашасынан бастап 7 жаңа республикалық жол учаскелерінде жол жүру ақысы алынуда.

Бұл келесі учаскелер: Нұр-Сұлтан-Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай - Талдықорған, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Шымкент – Қызылорда.

«Егер сіз осы ақылы учаскелер арқылы өтіп, жол жүру ақысын төлемеген болсаңыз, онда сізге 7 күн ішінде тарифке сәйкес қарызыңызды өтеу мүмкіндігі беріледі. Ақы төлеудің 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б. Естеріңізге сала кетейік, жол жүру ақысын төлемеген жағдайда, 8-ші күні ҚР ӘҚБтК-нің 628-бабына сәйкес сізге айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін ол 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін -10 АЕК-ті құрайды. Барлық автокөлік жүргізушілерінен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау үшін жолақысын уақтылы төлеуді сұраймыз», - делінген компания мәліметіне.