Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде медициналық мекемедегі қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«14 қазан күні сағат 17:59-да Ақтөбе қаласы Астана аудандық полиция бөліміне медициналық орталықтың УДЗ кабинетінде 20 жастағы келіншектің көз жұмғаны туралы ақпарат түсті. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен, яғни, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бабымен іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Айдос пен Гүлдана Нұрмағамбетовтер 1 жылдан астам уақыт бұрын отау құрып, балалы болуды армандаған. Гүлдана Нұрмағамбетова 8 ай бойы гинекологиялық ауруларға байланысты жеке клиникада ем қабылдаған. Соңғы емі кезінде дәріні қатты ауырсынып, операция үстелінде көз жұмды.