Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған зейнеткер жол апатынан көз жұмды

Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған зейнеткер жол апатынан көз жұмды


Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған 71 жастағы қарт жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде болды. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 71 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай, көлігімен жолдың оң қапталына қарай аударылған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.