Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақтөбеде ауыл клубы өртенді

Ақтөбеде ауыл клубы өртенді


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас ауылында клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 9 маусым күні сағат 18:37-де Шалқар ауданы, Қотыртас ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан ауыл клубы отқа оранған. 

«Алдымен шатыры жанды. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт сағат 21: 50-де ауыздықталып, 22:10-да толық сөндірілді. Жалпы аумағы - 187 шаршы метр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.