Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді


Ақтөбе халықаралық әуежайы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы болып өзгертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Үкіметінің Қаулысы 2021 жылдың 28-сәуірі күні шыққан. №276 қаулыға сәйкес «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ-на Әлия Молдағұлова есімі берілді. Жаңа қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді. 

Айта кетейік, Жаңа қаулы 1993 жылы 8-желтоқсан күні шыққан ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 10 бабы, 4 бөлімі 1 тармағына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған. 

Еске салсақ, биыл қаңтар айында «Ақтөбе» халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі беру ұсынылды.