Freedom Inside '26

Ақмола облысында «Музей түні» акциясы басталды

Ақмола облысында «Музей түні» акциясы басталды

Алғаш рет «Музей түні» акциясы 1997 жылы Берлинде өткізіліп, кейін халықаралық мәртебеге ие болды.

Әлемдегі 2000-ға жуық мұражай жылына бір рет музей түнін ұйымдастырады. Музей өміріне қызығушылық танытқандарға оның есігі айқара ашылмақ. 

«Ақмола облысында «Музей түні» акциясы Бурабай тарихи-өлкетану мұражайынан бастау алып, содан кейін облыстың барлық 11 музейінде ай сайын бір уақытта 21.00-ден 03.00-ге дейін жалғасады», - деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы. 

Музей директоры Әсемгүл Шакиеваның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дәстүрлі акция серпін алды. ҚР Ұлттық Архивтер «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қазақстан және шетелде басып шығарылған 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, «Қазақстанның киелі жерлері» энциклопедиясының бас редакторы Берік Абдығалыұлының топтамасынан ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ашық хаттарының «Ғасырлардан сыр сақтаған Бурабай»  тақырыптық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.


Сонымен қатар, қонақтар XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы таңғажайып атмосферасына еніп, ретро-фотостудияның қатысушылары болды. «Бурабайдың күзгі палитрасы» фильмін тамашалап, сонымен қатар кәдесыйлар сатып алды. 

Акцияның басты мақсаты - келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру. Халыққа деген жайдарылық – барша әлем «музей түнінің» негізгі ұраны. 


Акцияға барлығы 528 адам қатысқан. Келушілер арасында Бурабай қаласы әкімшілігінің өкілдері, визит-орталық директоры Р.А.Адилов, Мәдениет үйі директоры Ж.Д.Нұрымова, кент тұрғындары мен демалушылары болды.