Айтыскер ақын Меруерт Өтекешоваға ақ боз ат мінгізді

Айтыскер ақын Меруерт Өтекешоваға ақ боз ат мінгізді
Коллаж: ult.kz

Ұлытау облысында қазақ киносының аңыз тұлғасы, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова қазақы дәстүрмен құрметке бөленді, деп хабарлайды ult.kz.

Жаңаарқа ауданында өткен республикалық «Арқа аруы» байқауына арнайы қонақ ретінде қатысқан өнер иесіне ақын әрі мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев ат мінгізіп, сый-құрмет көрсетті.

Мәдени шараны Аманжол Әлтаев өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнаған. Байқауға Жаңаарқа өңірінен шыққан бірқатар танымал тұлғалар қатысып, өнер мерекесінің мәртебесін арттырды. Олардың қатарында Қанат Айтбаев, Света Айтбаева және Динара Сәтжанболды.

Көпшілікке «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылған Меруерт Өтекешоваға көрсетілген құрмет әлеуметтік желі қолданушыларының да жылы лебізіне ие болды.