Діни уағызшы Дарын Мубаровтан сұхбат алған журналист Айнұр Асанберді сотта жеңіліп, айыппұл арқалады. Бұл туралы журналист Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды ult.kz.
«Мен соттан жеңілдім. Дін істері комитеті Дарын Мубаровтан алған сұхбатым үшін мені сотқа берген еді. Сот «Айнұр Асанберді дін таратушы» деп айыптап маған айыппұл салды. Айыппұлдың құны — 130 000 теңгедей, ол көп ақша емес, мен оны төлей аламын. Бірақ төлемеймін деп шештім. Әзірге біз өзіміз дін істер комитетін сотқа бердік, арыз түсірдік. Қазір 3 қорғаушы мені қорғап жатыр. Журналист дін өкілінен ғана емес, кейде қылмыскерден де сұхбат алады. Бұл біздің мамандығымыз. Әрі қарай жеңіске жеткенше әрекеттенеміз», — деді журналист.
Естеріңізге сала кетейік, уағызшы Дарын Мубаровпен болған сұхбат 2026 жылдың 31 шілдесінде жарияланған еді.
Биыл Дарын Мубаров екі рет жауапқа тартылды.