Благовещенскіде әйел бес баласымен бірге жоғалып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Baza мәліметінше, отбасының жоғалғаны туралы алғаш болып мектеп қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар дабыл қаққан. Себебі әйелдің үлкен баласы сабаққа келмей қойған. Осыдан кейін полиция отбасыны іздеуге кіріскен.
Тексеру барысында 33 жастағы Ольга Кочергинаның бес баласын ертіп, 3 сәуір күні үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалғаны анықталған.
Полиция әйел мен балаларға іздеу жариялап, көп ұзамай анамен телефон арқылы байланысқа шыққан. Алайда ол нақты қай жерде жүргенін айтудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің бес баласының тек үшеуі ғана ресми тіркеуде тұрған. Көршілерінің айтуынша, қалған екі баланы әйел үй жағдайында босанған.