AI дәуіріндегі өзгерістер мен оның маңызы

AI дәуіріндегі өзгерістер мен оның маңызы
 2026 жылдың сәуірінде Қытайда компаниялардың жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жасанды интеллект агенттерімен алмастыра бастады. AI жүйелері қызметкерлердің жұмыс файлдары, құжаттары, іскерлік хат алмасуы және жобалары негізінде оқытылып, олардың кәсіби функцияларын орындауға бейімделген. Жұмыс нарығында осыған ұқсас жағдайлар көбейіп, елдер жасанды интеллекті барынша игеруге тырысып жатыр. Бұл жағдай әлемде жасанды интеллектің еңбек нарығына ықпалы туралы пікірталасты күшейтті. Кейбірі бұл өзгерістер адамды жұмыс орнынан айырады десе, кейбірі керісінше, адам еңбегін жаңа деңгейге көтереді деп болжам жасауда. Ал Қазақстанда еңбек нарығы алдағы жылдары қалай өзгереді? Жасанды интеллект қандай мамандықтарға әсер етеді? деген сұрақтарға жауап беру негізінде бейне түріндегі аналитикалық талдау жасалды.









 Жобаның өзектілігі қазіргі кезеңде жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуымен және олардың еңбек нарығына кеңінен енуімен айқындалады. Осы үдеріс аясында болашақта сұранысқа ие болатын дағдыларды анықтау және мамандардың жаңа кәсіби ортаға бейімделу мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Медиажобаның негізгі мақсаты “Жасанды интеллектің мамандықтар болашағына әсері” тақырыбына назар аударту. Әсіресе, мамандық таңдау үстінде жүрген оқушылар мен енді жоғары оқу орнын аяқтаған, жас мамандарға жасанды интеллектпен жұмыс істей алу дағдысын қазірден-ақ үйрену қажет. Осы мақсатқа сәйкес бейнематериалда  жасанды интеллектің мамандықтар құрылымына әкелетін өзгерістері және еңбек нарығының даму перспективалары қарастырылады. Дәлірек айтқанда, жоба аясында мамандықтардың қазіргі жағдайы талданып, болашақ мамандардың жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары және оның кәсіби қызмет сапасына ықпалы көрсетіледі. Бұл ретте жасанды интеллектің ықпалы туризм, математика және статистика, сондай-ақ аударма ісі салалары мысалында қарастырылады, яғни осы мамандықтарға оқып жатқан студенттер берілген тапсырманы камера алдында орындайды. Тапсырма орындалу барысындағы ерекшелік - еркіндік, студенттер тестті дәстүрлі түрде немесе жасанды интеллект платформаларын қолданып орындайды. Қатысушылардың орындаған тапсырмаларын арнайы осы сала бойынша тәжірибесі бар мамандар талдайды. Сонымен қатар жасанды интеллект сарапшысының пікірі де қосылған. Толығырақ білу үшін бейнематериалды көруді ұсынамыз: 









Мақала авторы: Ақерке Қайратқызы

Фильм авторлары:

Алина Еркінбек

Айнур Тагибергенова

Ақерке Қайратқызы

Жанель Еркинбаева