Ағайынды Емельяновтар Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

Ағайынды Емельяновтар Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады


Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1 000 метр қашықтағы ширек финалдың сындары аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. 

Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды. 

В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.