Алматыда қызметтік автобус пен мопед соқтығысып, адам қаза тапқан жол апатына қатысты іс қайта қаралады, деп ult.kz.
Бұған дейін сот екі жүргізушіні кінәлі деп танып, марқұмның пайдасына 25 млн теңге моральдық зиян өндіруді міндеттеген. Алайда автобустың иесі болған кәсіпорын азаматтық жауапкер ретінде танылмаған.
Бас прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот азаматтық талапқа қатысты сот актілерінің күшін жойды.
Енді іс қайта қаралып, жүргізушілер мен кәсіпорынның материалдық жауапкершілігі айқындалады.