Шымкент қаласының іргесіндегі Қайнарбұлақ шағын ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан көпбалалы ана көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға отбасы мүшелерінің көз алдында болғаны хабарланды.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде үй ішінде бірнеше бала болған. Жалын өте тез таралып, үй ішін толық шарпығандықтан, әйел адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.
Куәгерлердің айтуынша, отбасы үйде тігін ісімен айналысып, көрпе-төсек тігіп күн көріп келген. Өрт басталған сәтте үй ішінде адамдардың болғаны жағдайды одан әрі ауырлатқан.