600 млн теңгелік жобаға кедергі: ауыл әкімі жалған анықтама берген

600 млн теңгелік жобаға кедергі: ауыл әкімі жалған анықтама берген
ашық дереккөз

Ақмола облысында Үлгі ауылдық округінің әкімі кәсіпкерге жер конкурсында артық балл алуға мүмкіндік берген жалған мәліметтері бар анықтама үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Біржан сал ауданында «Zere Agro Holding» ЖШС 600 миллион теңгелік бордақылау алаңын салып, 10 жұмыс орнын ашуды жоспарлаған. Алайда жер телімін алу конкурсында заң бұзушылыққа тап болған.

Прокуратура анықтағандай, әкім қатысушылардың біріне мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейтін анықтама берген. Соның негізінде жер комиссиясы оған заңсыз қосымша балл есептеген.

Нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот конкурс қорытындысын жойды. Кәсіпорынға жер телімін беру мәселесі прокуратураның бақылауында.