4 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

4 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

«Қазгидромет» 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада 4 қыркүйекте күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде секундына 2–7 метр, күндіз 5–10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +25…+27°C болады.

Алматыда күн ала бұлтты болады. Жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +22…+24°C шамасында болады.

Шымкентте күн жылы болады. 4 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы және дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C аралығында болады.

Қазақстанның басқа өңірлерінде де күн жылы болады. Көкшетауда ауа температурасы +24…+26°C, Қостанайда +27…+29°C, Павлодарда +20…+22°C, Қарағандыда +21…+23°C, Жезқазғанда +25…+27°C шамасында болады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, қыркүйек айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болғанымен, жалпы ай жылы болады деп күтіледі. Кей күндері температура +30°C-тан жоғары көтеріліп, кейін қайта салқындауы мүмкін.