«32 рет пышақтаған»: Сұлтан Сәрсемәлиев қанды қылмысты қалай жасағанын сотта баяндады

«32 рет пышақтаған»: Сұлтан Сәрсемәлиев қанды қылмысты қалай жасағанын сотта баяндады
ашық дереккөз

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, жұбайының ағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтқан.

Оның сөзінше, ол өзін қорғау мақсатында әрекет еткен, ал өлім абайсызда болған.

Сонымен қатар, күдікті қайын атасы Мақсот Қарабалинге 9 рет пышақ сұққанын, қайын енесі Нәсипа Өтешқалиеваға 8 рет пышақ жарақатын салғанын, Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтағанын мойындаған.

Бұдан бөлек, ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену деректері бойынша да кінәсін мойындаған.

Айта кетейік, төрт адамның сүйегі биыл қаңтар-наурыз аралығында табылған еді. Ал Сұлтан Сәрсемәлиев пен бұрынғы әйелі ақпанда Индонезияда ұсталды.