3,1 млрд теңгелік онлайн-казино: екі адам сотталды

3,1 млрд теңгелік онлайн-казино: екі адам сотталды
complaneta.ru

Шымкентте «Bingo-37» және «Lotoboom» платформалары арқылы заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі азамат төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар WhatsApp арқылы азаматтарды құмар ойындарға тартып, ақша аудару үшін 14 дроппердің банк шоттарын пайдаланған. Екі платформаның жалпы ақша айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен.

Қылмыстық табысқа 200 млн теңгеден астам сомаға төрт автокөлік пен екі жер учаскесі сатып алынған. Сот бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.