Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

26 қарашадағы валюта бағамы

26 қарашадағы валюта бағамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 26 қараша күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 458,85 теңгеге жетті. АҚШ валютасы 0,48 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша бір доллар – 458,57 теңге, еуро – 501,54 теңге, Ресей рублі – 5,57 теңге, Қытай юані 68,70 теңге болды. 

Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 454 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 496 теңге, сату бағасы – 506 теңге. Рубль 5,25–5,45 теңге аралығында саудалануда.

Алматыда доллар 456,44 теңгеден сатып алынып, 458,29 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағасы 500,69–505,20 теңге, рубльдің бағасы 5,25–5,35 теңге аралығында қалыптасты. 

Айта кетейік, ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты күн ішінде өзгеруі мүмкін.