Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген киіктердің өлекселері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азамат анықталды. Күдіктінің ауласынан ондаған киіктің қалдықтары мен оларды бөлшектеуге арналған құралдар табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында бес киіктің басы, 58 өлексесі, үш қап терісі, сегіз пышақ және бір таразы тәркіленді. Барлық зат заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.