2026 жылғы 26 маусымда Астанадағы Конгресс-орталығында елдегі ірі шахмат турнирлерінің бірі — III «Senat Open 2026» Ашық кубогының финалы өтеді. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Әшімбаев пен Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Тұрлов қатысады, деп хабарлайды ult.kz.
Бірнеше ай бойы өңірлер ішкі істер органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, жергілікті мәслихат депутаттары, ардагерлер, БАҚ қызметкерлері және жай әуесқойлар арасынан үздіктерді анықтады. Іріктеу кезеңдеріне ел бойынша барлығы 8 878 адам қатысты.
2026 жылы турнир төрт кезеңнен тұрады — 1/8 финалдан бастап шешуші партияларға дейін. Қатысуға қойылатын жалғыз шектеу — 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық уақыт бақылаулары (классика, рапид, блиц) бойынша Эло рейтингі 2000-ден төмен болуы тиіс.
Барлық кезеңдер, соның ішінде финал, 9 тур бойынша швейцар жүйесімен, рапид уақыт бақылауымен 10+5 (партияға 10 минут + әр жүріске 5 секунд қосымша) өтеді.
1/8 финалдан кейін қатысушылар ширек финалға шығу үшін күресті, онда әр облыстың үздіктері анықталды. Келесі кезең — аймақтық форматтағы жартылай финалдар: Солтүстік, Оңтүстік, Орталық, Шығыс және Батыс. Әр жартылай финалдан финалға 53 қатысушы шықты. Астанада оларға ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық қоғамдық кеңестер мүшелері және мандаттық комиссия шешімімен мемлекеттік қайраткерлер қосылады.
«Senat Open» Ашық кубогы 2024 жылдан бастап Қазақстан шахмат федерациясымен ҚР Парламенті Сенатының қамқорлығымен өткізіліп келеді. Турнир идеясы Сенат Төрағасы Маулен Әшімбаевтың бастамасымен ұсынылып, ҚШФ Президенті Тимур Тұрловтың қолдауына ие болды.
Өткізілетін жері: Конгресс-орталық, Гейдар Әлиев көшесі, 12, Астана Дата: 2026 жылғы 26 маусым
Журналистерді жинау уақыты: 08:00–08:30
Аккредитация үшін 2026 жылғы 24 маусым сағат 18:00-ге дейін 8706 693 36 61 нөміріне төмендегі мәліметтерді жіберу қажет: Т.А.Ә., ЖСН, жеке куәлік нөмірі және техниканың тізімі.