28 мамырға арналған іскерлік жұлдыз жорамал

28 мамырға арналған іскерлік жұлдыз жорамал
kyym.ru

28 мамыр күні іскерлік жұлдыз жорамал бойынша Сарышаяндарда бүгін ерекше белсенділік болуы мүмкін, ал Тауешкілерге тек өзіне ғана емес, айналасына да сенім артқан жөн, деп хабарлайды ult.kz.

Тоқтылар

Бүгін жұмысыңыздың мінсіздігі мен кереметтігі туралы асығыс қорытынды жасауға болмайды. Басшыңыз басқаша ойлауы мүмкін. Сондықтан жетекшіңіз рұқсат бермейінше жұмыстан кетуге де, босаңсуға да асықпаңыз. Кейін қайтадан бар күшіңізді жинау әлдеқайда қиын болуы мүмкін.

Торпақтар

Бүгін серіктестеріңіз бизнесіңізді кеңейту және оған жаңа қызмет бағыттарын қосу мәселесін сізбен талқылағысы келуі мүмкін. Егер олар осындай қадамға бел буса, олардың уәждерін мұқият тыңдап, бәріне сын көзбен қараңыз. Өйткені бұл — өте жауапты шешім.

Егіздер

Бүгін бастығыңызбен сөзге келіп, дауласпағаныңыз жөн, тіпті бұған нақты себептеріңіз болса да. Қарым-қатынасты анықтауды ертеңге қалдырған дұрыс: жұма бұл тұрғыда бейсенбіге қарағанда әлдеқайда қолайлы болады. Дегенмен ол күн де мінсіз емес.

Шаяндар

Бүгін басшыңыздың сізге айтқан барлық ескертулеріне айтар жауабыңыз табылады. Оның пікіріне қарсы өз уәждеріңізді келтіріп, дәлелдеріңізді нық жеткізесіз. Ең қызығы — осындай еркін ойыңыз үшін тіпті марапатқа да ие болуыңыз мүмкін. Өйткені жетекшіңіз сіздің жай қырсығып тұрғаныңызды да, расымен орынды ұсыныс айтып тұрғаныңызды да ажырата біледі. Ойыңызды салқынқанды, байыппен айтқаныңыз жөн.

Арыстандар

Егер сіз сауда саласында жұмыс істесеңіз, бүгін — сіздің күніңіз! Табысыңыз жақсы болып, тауарыңызға қызыққан клиенттердің қарасы көбеюі мүмкін. Сондықтан дәл бүгін өзіңізге демалыс ұйымдастырудың қажеті жоқ екені түсінікті.

Бикештер

Бүгін жұлдыздар сізге демалуға кеңес береді. Егер жұмысыңыз сізге демалыс, мереке және ләззат сияқты сезілсе еңбек күніңізді белсенді өткізген абзал. Бірақ мұндай жағда барлығында бірдей болмасы анық. Сондықтан бүгін мойныңызға көп жауапкершілік артпау кеңес етіледі.

Таразылар

Бүгін еңбек жолындағы жетістіктеріңіз туралы оларды лайықты бағалай алмайтын адамдарға көп айта бермегеніңіз жөн. Егер жарқын әрі сапалы кері байланыс қажет болса, әріптесіңіздің пікіріне жүгінгеніңіз дұрыс.

Сарышаяндар

Сарышаяндарда бүгін ерекше белсенділік болуы мүмкін. Айналаңыздағы адамдар үшін ыңғайсыздық тудыратын белсендіге айналып кетпеу үшін, оларды шамадан тыс мазаламауға тырысыңыз.

Мергендер

Бүгін сізді адамдармен қарым-қатынаста да, өз көзқарасыңызды түсіндіруде де күтпеген қиындықтар күтуі мүмкін. Сабыр сақтап, қандай жағдай болса да дауысыңызды көтермеуге тырысыңыз — оның пайдасынан гөрі зияны көбірек болуы ықтимал.

Тауешкілер 

Бұл күні жұлдыздар сізге қандай жағдай болса да сабыр сақтауға кеңес береді. Тек өзіңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдарға да сенім артыңыз. Өйткені қол астыңыздағы қызметкерлер сіздің оларға сенетініңізді не сенбейтініңізді бірден сезеді, ал олардың жұмысқа деген ынтасы да соған байланысты болады.

Суқұйғыштар

Жақсы басшының міндеті — барлық жұмысты өзі атқару емес, міндеттерді қол астындағы адамдарға дұрыс бөліп беру. Бүгін жаңа жобаны дайындау кезінде әріптестеріңізге жетекшілік еткенде осыны есте сақтаңыз. Тек тәкаппарланып кетпеңіз, әдеттегі қалпыңызда болыңыз.

Балықтар

Бүгін сізге көп нәрсе түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Жұмыс барысында болып жатқан кейбір жағдайлар сіздің логикаңызға мүлде сыймайды. Олар сіздің «дұрыс» деген түсінігіңізден әйел мен ер адамның логикасындай айырмашылықпен ерекшеленуі ықтимал.