21 маусымда Парламенттің бірлескен отырысы өтеді

21 маусымда Парламенттің бірлескен отырысы өтеді


Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының Бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы парламенттің ресми сайты хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған Өкім мәтінінде.

Былтыр депутаттар демалысқа 30 маусымда кеткен. Парламент сессиясы қос палатаның бірлескен отырысында жабылған.