2021 жылы Қазақстанда қанша жемқор шенеунік сотталды?

2021 жылы Қазақстанда қанша жемқор шенеунік сотталды?


2021 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 шенеунік сотталды. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамасының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды. Олардың ішінде: ішкі істер органдарынан - 207, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен - 150, оның ішінде әкімдер - 5, Қаржы министрлігінен - 34, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 19, Денсаулық сақтау министрлігі - 16, ұлттық қауіпсіздік - 10, экономикалық тергеу қызметі - 4, прокуратура - ​​3, судьялар - 3", - делінген хабарламада.

Ведомство сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында пара алу үлесі жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті.

"Егер 2015 жылы бұл қылмыстың үлесі 3 пайыз болса (2 733-тен 895), 2021 жылы 67 пайыздан асады (1 557-ден 1053)", - деді ведомство.