16 жастағы Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды

16 жастағы Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды

Америкалық Time журналының нұсқасы бойынша 16 жасар шведтік эко белсенді Грета Тунберг «Жыл адамы-2019» аталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" журналдың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

« Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша 2019 жылдың «Жыл адамы» болды «, - деп хабарлады басылым.

Айта кетейік, 16 жасар Тунберг - әлем назарын климаттың өзгеруіне аударуға және саяси көшбасшыларды нақты жұмыс жасауға шақырып жүрген танымал белсенді.

Соңғы 16 ай ішінде Тунберг БҰҰ-да сөз сөйледі, Рим Папасы мен АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті және 4 миллионға жуық адамды биылғы жылдың 20 қыркүйегінде климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық шеруге шығуға қанаттандырыды. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен климаттық жиын болды.