Қазақстанның басым бөлігінде 16 қыркүйекте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда еліміздің солтүстігі, шығысы және батысында жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Ал солтүстік пен шығыста құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы солтүстік пен орталықта +20…+27°C, батыста +19…+30°C, шығыста +18…+25°C, оңтүстік-шығыста +22…+28°C аралығында болады.
Ірі қалалар бойынша:
Астана: түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Құбылмалы бұлтты, жел 9–14 м/с;
Алматы: түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C. Құбылмалы бұлтты;
Шымкент: күн жылы болады, ауа температурасы +30°C шамасында болуы мүмкін.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын ескертті.