Өзбекстан үкіметінің вице-премьері Рустам Азимов үй қамаққа алынды

Өзбекстан үкіметінің вице-премьері Рустам Азимов үй қамаққа алынды

"Өзбекстан үкіметінің вице-премьері Рустам Азимов үй қамаққа алынды", - деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Сотталған шенеунік Ислам Каримовтен соң президент атануы мүмкін тақ мұрагерлерінің қатарында болған.

Дегенмен оның нақты не үшін қамаққа алынғаны әлі белгісіз. 

Ал, кеше "Фергана.ру" агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің 79 жасқа ауған шағында өмірден озғанын хабарлаған еді. Ол  29-күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15-16.00 аралығында көз жұмған деп жазылады. 

Алайда ресми бұл ақпаратты билік өкілдері де, құзіретті органдар да растамай отыр. "РИА Новости"-дің президент аппаратындағы арнайы өкілі де хабарды жоққа шығарды. "Каримов өлімі жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Президент жансақтау бөлімінде. Жағдай әлі бірқалыпты", - дейді ол. 

Айта кетейік, бірнеше күні кеше басшының кенже қызы фэйсбуктегі парақшасында жазбаша үндеу жариялаған болатын.

Ұлт порталы